Ханафи мәзһабында Құран Кәрім оқу ғибадат болып есептеледі. Ал, ғибадат дүниелік пайда үшін емес, тек қана Алла Ризалығы үшін жасалады.
Бұл себеппен, Құранның ақы қарсылығында оқылуы және оқылған Құран қарсылығында ақша берілуі дінімізде рұхсат етілмейді. Бұндай оқуда сауап та жоқ. Сондықтан әрбір адам дүниеден өткен туыстарының рухына құран бағыштау үшін ақы беріп, хатым түсіргенше, өзінің білген сүрелерін оқуы дұрыс болады.
Алайда, келісім жасалмастан немесе ақша жайында әңгіме қылмастан, Алла ризашылығы үшін Құран Кәрім оқыған немесе хатым түсірген бір адамға сыйлық ретінде лайықты сый-сыйапаттың жасалуында діни тұрғыдан проблемма жоқ. Бірақ, бір аймақта Құран оқуға ақша берілу ғұрып хәліне келген болса, және бұны екі тарап та білетін болса, берілген ақша сыйлық емес, ақы болып есептеледі. Бұл себеппен ақшаны алу халал болмайды!
Ескерту! Бұл кітаптағы мәселе. Қазақстанда жағдайға байланысты фәтуа өзгеруі мүмкін! Өйткені Имамдарымыз жеткілікті дәрежеде жалақы алмайды. Жалқы түсінбеңіз, жалпы түсініңіз. Амалдар ниеттерге байланысты. Егер ниетіміз ақы алу емес, керісінше Алланың дінін жеткізу мақсатында болса жоғарыда айтып өткеніміздей сыйлық болып есептеледі. Осылайша сіздің ол ақыны алуыңызда қандайда бір қауіп болмайды.
Бейбітбек ҒҰМАРОВ,
Атырау селолық мешітінің ұстазы.
Пайдаланылған әдебиет:
Имам Маусилидің «әл-Ихтияр», 2 том, 142 бет;
Ибн Абидиннің «Рәддул-Мухтар, 9 том, 76-77 бет