Қасиетті Құрбан айт мерекесі құрметіне Атырау облысы мешіттерінде 17400 балаға айттық сыйлықтары үлестірілді.
20 шілде күні басталған Құрбан айт мерекесі күні құрбан шалынып, мұқтаж отбасыларға құрбан малының етін таратумен бірге, ұлық мерекеден сәбилер де шет қалмады.
Атырау қалалық Құспан молла мешіті Құрбан айттың құрметіне 400 балаға, Сұлтан Бейбарыс мешіті 400 бүлдіршінге сыйлық үлестірді.
Осындай игі шара аудандарда да жалғасын тапты. Мәселен, Мақат ауданында қасиетті мереке құрметіне 1000 балаға айттық сыйлық үлестірілді. Оның ішінде, Мақат орталық мешітінде 750 балаға, Сәтен – Шәмек мешітінде 120 балаға, Доссор мұсылмандар мешітінде 130 балаға айттық берілді. Жылыой ауданында 1700 балаға сыйлық таратылды.
«Бұл – жас ұрпақ үшін ұйымдастырылған әрі мерекелік, әрі тәрбиелік іс шара. Құрбан Айттың ізгілікке, жылулыққа толы мереке екендігін жас ұрпақ білуі керек” дейді Атырау облысының бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.