Бұл туралы Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте айтты.
«Рамазан – адамды бірлікке, тақуалыққа, сабырлылыққа тәрбиелейтін ай. Бұл Жаратушымыздың разылығына бөленетін, адам жаманшылық атаулыдан өзгеріп шығатын ай. Сондықтан, қандайма бір биік мақсаттарға дайындалғандай, Рамазан айына да ерекше дайындықпен кірген дұрыс.
Мәселен, Рамазан айына арналған жоспар құрған жөн.
Рамазан айының әр уақыты құнды. Әрі ол айдағы алтын уақыттарды бос өткізбес үшін адам өзінің уақытын жүйелеп, реттеп, жоспарлап қоюы қажет. Жоспарды қағаз бетіне түсіруге де болады. Олрдың қатарында, Құран оқу, дұха намазы, тарауық намазы, тахажуд намазы сыңды амалдарын, әрі сақтану қажетті болған бос сөзден тілді тию, адамдармен қарым-қатынаста жылулық қалыптастырамын деген сынды амалдарды жазып қоясыз. Күнделікті кешке қағаздағы тізілген істерде орындалған істерді белгілеп отыруға болады» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, қасиетті Рамазан айы 2 сәуірде басталады. Биыл ораза 30 күн болады. Сәуір айының 27-нен 28-не қараған түні – қасиетті Қадір түні. Пітір садақа мөлшері – 500 теңге.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.