Қасиетті Рамазан айын Атырау облысы рухани-тәрбиелік, әлеуметтік маңызы зор ауқымды шаралармен өткізді.
Рамазан айында Атырау облысында екі мешіт пайдалануға берілді. Бірі – Махамбет ауданы, Талдыкөл ауылындағы 300 орындық мешіт. Екіншісі – Атырау қаласы, Береке ықшамауданындағы Амангелді Иманов атындағы 300 орындық мешіт.
Қасиетті Рамазанда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында 550-ші екі мұқтаж отбасына баспана берілді. Кезекті баспана Жылыой ауданына қарасты Құлсары қаласында мүмкіндігі шектеулі үш баланы жалғыз өсіріп отырған Ақмаржан Сағидоллаеваға баспана табыс етілді.
Екінші баспана – Талыкөл ауылдық мешіті жанынан имамға қызметтік үй тапсырылды.
Еске сала кетелік, “Ел үлесі – пәтерге” жобасы аясында Атырау облысы бойынша қырық үй, Жылыой ауданы бойынша үшінші баспана табыс етіліп отыр.
Рамазан айында облыс мешіттерінде 72 мың адамға ауызашар берілді. 10 250 балаға айттық сыйлықтар таратылды.
22561 сұраққа Шариғат және пәтуа бөлімі мамандары жауап берді.
Ағарту саласы бойынша Рамазанда 950 шәкірт ер адам, 240 шәкірт әйел адам білім алды. 25 күн бойына облыстық телеарналарда сұхбаттар берілді. amin.kz сайтында және мешіттердің әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары арқылы 100-ден астам жаңалықтар мен бейнедәрістер жарияланды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.