Рамазан: Атырауда онлайн форматта Құран Хатым оқу басталды

Қасиетті Құранның бірінші парасын бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Ерболат Боханов оқыды.

Құран оқылған сәт «Иманғали» мешітінің әлеуметтік желілердегі парақшаларында тікелей эфирде көрсетілді.

«Қасиетті Рамазан – Құран түскен ай. Осынау берекелі айда отыз күн бойына Атырау қаласы, аудан, ауылдардағы мешіттерде онлайн форматта Құран Хатым оқылатын болады. Бұл жағдай пандемияға байланысты қолға алынып отыр. Ниет қабыл болсын» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.