Рамазан күнделігі: Атырауда әйелдер жамағаты арасында рухани кеш өтті

Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда әйел жамағаты үшін рухани кеш болып өтті.

Рухани кешке 120 адам қатысты. Кеш барысында Рамазан айының шарапаты, ораза ұстау әдебі, көркем мінез тақырыптарында уағыз айтылды.

«Рамазан айында ораза тұту – шексіз Ұлық Алланың үкім етуімен адамдарға парыз етілген. Ол Исламның негізгі тіректерінің бірінен саналады.

Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.):

«Исламның бес шарты бар: олар «Аллаһтан басқа Тәңір жоқ, Мұхаммед Аллаһтың елшісі» деп куәлік ету, құлшылық қылу, зекет беру, Қағбаға барып қажылықты орындау және Рамазанда ораза тұту» (Әл-Бухари, Муслимнен)» деген еді. Ораза ішіп-жеуден тыйылу ғана емес, жаман қасиеттерден арылып, адамның өз-өзін тәрбиелеуі үшін де үлкен мүмкіндік» деп атап өтті ұстаз Нұргүл Жолдаспаева.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.