Атырауда Тасқала ауылына қарасты «Мәулімберген» мешітінде қайырымдылық акциясы өтті.
Акция аясында 15 мұқтаж отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеттері табыс етілді.
«Қасиетті Рамазан айы – 11 айдың сұлтаны, Мұхаммед (с.ғ.с.) үмметтерінің айы. Күндіз ораза ұстаумен, түндерді тарауық намаздарың оқумен өткізу керек. Рамазан шәриф – Құран айы, сол себепті, Құран оқуды білетіндер осы айда хатым етуі керек.
Сонымен бірге, Рамазан – қайырымдылық айы. Ізгілік айында мұқтаждарға қолғабыс ету, қолдау шараларын жалғастырамыз» дейді «Мәулімберген» мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.