Рамазан күнделігі: Атырауда орталық мешітке Тарауық намазына 4000-ға жуық адам қатысуда (+ ФОТО, + ВИДЕО)

Атырауда Рамазан айына байланысты күнделікті Тарауық намазына жиналушы жамағат саны көбеюде. Бір ғана орталық «Иманғали» мешітінде Рамазан айы басталғалы бері, күнделікті Тарауық намазына күніне 4000-ға жуық адам жиналуда.

Тарауық намазын орталық мешіттің ұстазы Еркебұлан қари Сержанұлы Тарауық намазын өткізуде. Күнделікті күндізгі сағат 12.00-де орталық мешіт жанындағы Сауат ашу орталығының шәкірті Алпамыс Ерланұлы Құран хатым түсіруде.

Күннің салқындығына қарамастан, мешіт ауласына да жамағат Тарауық намазына жиналуда.
Айта кетелік, Тарауық намазының шариғаттағы үкімі бекітілген сүннет болып табылады.