Қасиетті Рамазан айының құрметіне Атырауда жолаушылар үшін тегін автобус тасымалы ұйымдастырылып отыр.
Ерекше жобаны орталық «Иманғали» мешіті мен Атырау қалалық әкімдігі, «Ақжайық» автопаркі бірлесіп қолға алды.
«Тарауық намазына жамағат көп жиналады. Олардың барлығында бірдей жеке көлік бола бермейді. Сондықтан, тегін автобус тасымалы өте өзекті болып отыр. Жолаушылар түнгі мезгілде «Авангард», «Нұрсая», «Балықшы», «Теміржол вокзалы» бағыттарында тасымалдануда. Бұл да бір Рамазан айындағы шарапатты іс болып отыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Автобустар жолаушыларды Тарауық намазынан кейін, яғни, сағат 23.00-ден кейін тасымалдауда.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.