Атырауда орталық мешітте зағип жандарға ауызашар берілді

Атырауда орталық «Иманғали» мешітінде зағип жандарға ауызашар берілді.

Ауызашар рәсіміне орталық мешіттің наиб имамы Арман Исаев, ұстаз, азаншы Саламат Иманғалиев қатысып, жиналған жамағатты қасиетті Рамазан айының келуімен құттықтады.

«Рамазан – рухани жаңарудың, тазарудың айы. Рамазан – Құран түскен қасиетті ай. Рамазанда барлық сауаптар еселенеді. Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын. Қиындықтың артында жеңілдік болатыны себепті, сіздерге жақсылық молынан нәсіп болғай» деп атап өтті орталық мешіттің наиб имамы Арман Исаев.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.