Қасиетті Рамазан айының құрметіне Мақат орталық мешітінде қайырымдылық акциясы өтіп, он екі отбасына ет таратылды.
Жылқы малын Мақат кентінің жергілікті тұрғыны Алла разылығы үшін құрбандыққа шалды.
«Есімін атамауды өтінген азамат осылайша жасырын садақа жасады. Құрбан малының етін мешітімізге әлеуметтік қолдауға мұқтаж ретінде тіркелген отбасылар ішінен 12 шаңыраққа табыс еттік. Алла ниеттерімізді қабыл етсін» дейді Мақат аудандық орталық мешітінің бас имамы Біләл Сағындықов.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.