Рамазан: Атырау мешіттері арасында Құран жарысы өтті

“Рамазан – Құран айы” атты Құранның 30-шы парасы бойынша өткен сайыс қыз-келіншектер арасында ұйымдастырылды.

    Атырау қаласы, Жұлдыз елдімекеніне қарасты  Қажымұқан Мұңайтпасов атындағы мешітте өткен сайысқа қала мешіттерінің 8 жастан асқан шәкірттері қатысты.

“Ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с) “Сендердің ең жақсыларың Құранды үйреніп және оны үйреткендерің” деген. Құран оқу – екі дүниеде де сауабы мол амал. Біз Құранның ғылымға, өркениетке бастайтын жол екендігін жас ұрпақ бойына сіңіруіміз қажет” деп атап өтті Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің имамы Айтжан Абдиров.

    Сайыс қорытындысы бойынша,  бірінші орынды орталық “Иманғали” мешітінің шәкірті Қамария Бауыржанқызы жеңіп алды. Екінші, үшінші  орындарды Қажымұқан Мұңайтпасов мешітінің шәкірттері  Жібек Қаңыбекқызы мен Аяна Бекболқызы иеленді.


      Қатысушылар қаржылай және арнайы сертификаттармен марапатталды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.