Рамазан қорытындысы: 1060 отбасыға қайырымдылық көрсетіліп, 2 жаняұға пәтер берілді (+ ВИДЕО)

Биылғы Рамазан айында облыс мешіттері мен дін қызметкерлері бірнеше игі істер атқарды. Атап айтар болсақ, Рамазан айында 1060 отбасыға қайырымдылық қоржыны, 2 отбасыға «Ел үлесі пәтерге» жобасы брйынша баспана құжаты табысталды.

Рамазанның әр күнінде үш мыңға жуық адамға ауызашар дастарханы жайылды. 190 құран хатым жасалды. 4276 насихат айтылды. Облыстық Атырау телеарнасымен бірлесіп әр күн сайын көрерменнің сұрағына жауап беретін «Рамазан-руханият айы» бағдарламасын көкжәшіктен мыңдаған адам тамашалады.

Қасиетті қадір түнінде тікелей эфирде бір сағаттық арнайы бағдарлама көрермен назарына ұсынылды. Қадір түнінде облыс мешіттеріне он бес мыңға жуық жамағат жиналды. Айт мерекесіне орай онмыңға жуық адам айт намазына қатысты.

Облыс мешіті жанынан тарауих намазынан соң жамағатқа арнап бес бағыт бойынша тегін автобустар мен тегін такси тасымалдау қызметін көрсетті.

Өкілдікке қарасты (Call орталық) Рамазанға қатысты 300 сұраққа жауап берді