Рамазан: «Ықыласты бауырлар» 500-ден астам отбасыға азық-түлік таратуда (+ ВИДЕО)

amin.kz/ 5 мамыр, 2020 жыл. Атырау орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Ықыласты бауырлар» қайырымдылық орталығы қасиетті Рамазан айында ізгі істер легін жалғастыруда.

«Мың айдан да қайырлы Рамазан айында біз әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды қамтып отырмыз. Алла Тағала еселеп сауап жазатын қасиетті айда жақсылық жасауда жарысайық» дейді «Ықыласты бауырлар» орталығының еріктілері.

Еске сала кетелік, аталмыш орталық әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, жалғыз басты, жетім, мүмкіндігі шектеулі азаматтар категориясы бойынша азық – түліктей және киім-кешекпен көмек көрсетеді.

Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен төтенше жағдай режимі жарияланғалы бері еліміздің түкпір-түкпірінде «Қайырымдылық керуені» аясында мұқтаж отбасыларға жан-жақты көмек көрсетіліп жатқанын атап өткеніміз жөн.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.