Атырау облыстық Иманғали орталық мешітінде Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі, РАНТ мүшесі Данияр Кенжалин жастармен кездесу өткізді.
Кездесу барысында дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, деструктивті ағымдардың алдын алу және жастардың рухани тәрбиесін күшейту мәселелері талқыланды. Данияр Кенжалин жастарға діни білімді дұрыс көзден алудың маңыздылығын атап өтіп, түрлі сұрақтарға жауап берді.
– Жастардың санасына дұрыс діни танымды сіңіру – бүгінгі күннің маңызды міндеті. Бұл ел болашағының рухани негізін қалыптастыруға ықпал етеді. “Бүгінгі таңда ақпарат көп, алайда оның бәрі сенімді емес. Дінді тек ҚМДБ-ның ресми мешіттері мен маман дінтанушылар, имамдар арқылы үйрену – қауіпсіз әрі дұрыс жол. Интернеттегі белгісіз парақшалар мен жалған уағызшылардың сөзіне еріп, адасып жатқандар аз емес. Сондықтан діни білім аларда ақпараттың қайдан алынғанына ерекше мән беру керек,” – деді Данияр Кенжалин.
Кездесу соңында қатысушылар өз алғыстарын білдіріп, рухани мазмұндағы іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын тапса деген тілектерін жеткізді.


