Алматыда өткен республикалық бесінші «Әсем әуезді азаншы» байқауында жүлделі 3-орынды Атырау облысының намысын қорғаған Саламат Иманғалиев иеленді.
Саламат Иманғалиев орталық «Иманғали» мешітінде азаншы болып еңбек етеді.
Еске сала кетелік, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2009 жылдан бері республикалық азаншылар байқауын өткізіп келеді.
Байқауға наиб мүфти Кенжеәлі қажы Қоңыратбайұлы, Алматы қаласының бас имамы Төлеби Оспан, әнші Сәкен Майғазиев, «Бәйкен» мешітінің бас имамы Данияр Жұмабаев және Нұр-Мүбарак университетінің ұстазы Данияр Абдусамат қазылық жасады.