Атырауда «Әт – Тақуа» мешітіне жаңа имам тағайындалды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау қаласындағы «Әт-тақуа» мешітінің имамы болып Қанағат Муслимов тағайындалды.

Бұйрықты Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы Арман Исаев оқып, таныстырды.

Осы уақытқа дейін ұзақ жылдар осы мешітте имамдық еткен Өсімхан Аманбайұлына жамағат алғыс білдіріп, иығына шапан жауып шығарып салды.


Муслимов Қанағат Қалыбай ұлы 1995 жылы 2 сәуірде Атырау қаласында дүниеге келген.


2001-2012 жылдары аралығында Ғани Мұратбаев орта мектебінде тәлім алды.

2012-2016 жылдары Халел Досмұхамедов Атырау университетінің жаратылыстану факультетінің «география» мамандығын тәмәмдаған.

2016-2020 жылдары Нұр – Мүбәрәк Египет ислам мәдениеті университетінің исламтану мамандығында білім алды.

Осы уақытқа дейін Атырау қаласындағы Әт-Тақуа мешітінде наиб имам қызметін атқарып келді.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.