Атырауда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлының қатысуымен қайырымдылық шарасы өтті.
Шара аясында 15 адамға азық-түлік үлестірілді. Акция «Жусан» гуманитарлық операциясы аясында елге оралған азаматтардың отбасыларын қамтыды.
«Қазақ жетімін жылатпаған, жесірін қаңғытпаған халық. Халқымыздың осындай тамаша ізгі қасиетін мүфтият қайырымдылық шаралары арқылы насихаттап келеді. Қайырымдылық шараларының мақсаты – ынтымақ пен бірлікті арттыруға бағытталған» деді ұстаз Сансызбай Құрбанұлы.
Қайырымдылық шарасын Сарайшық ауылындағы Сарайшық мешітінің имамы Жайлыбек Кенжалиев ұйымдастырды.