Атырауда Махамбет ауданына қарасты «Хан Ордалы Сарайшық» мешітінде қайырымдылық шарасы өтті.
Қайырымдылық акциясы аясында көп балалы, жалғыз басты, әлеуметтік жағдайы төмен мұқтаж отбасыларға азық-түліктей көмек көрсетілді.
«Қайырымдылық – басты бағыт болып қала береді. Қамкөңіл жандарға қол ұшын созу парызымыз. Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған» дейді «Хан Ордалы Сарайшық» мешітінің имамы Жайлыбек Кенжеалиев.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.