Атырауда «Мәулімберген» мешітінде рухани кеш өтті

Атырау қаласы, Тасқала елдімекеніндегі «Мәулімберген» мешітінде өткен рухани кеш барысында Құран оқылып, қаңтар оқиғасында көз жұмған марқұмдардың рухына дұға бағышталды.

Іс-шараға орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Наркес Боханов, «Сұлтан Бейбарыс» мешітінің имамы Ержан Қағазғалиев арнайы қатысып, ел бірлігі, қоғамдағы тұрақтылық тақырыптарында уағыз айтты.

«Еліміз үшін ең үлкен құндылық – ол бірлік. Ислам бірлікті, бейбітшілікті дәріптейтін дін. Халқымыз «Бірлік болмай, тірлік болмас» дейді. Сондықтан, елдігімізге, тыныштығымызға сына қағатын жағдайлардан сақтануымыз керек. Қаңтар оқиғасы бізге сабақ болуы тиіс» деп атап өтті орталық «Иманғали» мешітінің ұстазы Наркес Боханов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.