Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Халық арна» каналының Атырау филиалына арнайы сұхбат берді.
Сұхбат барысында Бас мүфти ихсан ілімі, исламдағы жастар тәрбиесі, жеке адам мәдениеті туралы айтты.
«Халық арна – елдің арнасына айналады деп сенемін. Мұнда еліміздің, ұлтымыздың, дінімізідің болашағына қатысты дүниелер түсіріліп, көгілдір экран арқылы елге тарайды» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.