Атырау облысының Бас имамы Наурыз мерекесі хақында телеарнаға сұхбат берді

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы «ATYRAY» телеарнасында «Дала даналығы» бағдарламасына сұхбат берді.

Бағдарлама барысында Алтынбек Ұтысханұлы жылдың бастауы саналатын Наурызды он күн бойы әр күнге атау беріп тойлау туралы бастамаға қатысты пікірін білдірді.

«Наурызда табиғат жаңарады. Бұл ғаламмен астасқан мереке. Наурыз – ынтымақтың, бірліктің, молшылықтың символы» деді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Одан әрі спикер Наурызды атап өтудің шариғи үкімдері, наурызда жасалатын әдет-ғұрыптар мен дәстүрлердің маңызы турасында ойымен бөлісті.

Бағдарлама 4 наурыз күні 19:40-та Атырау телеарнасынан көрсетілетін болады.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.