Жылыойда “Пайғамбар сирасы” атты білім сайысы өтті

Сайыс барысында қатысушылар Пайғамбар (с.ғ.с) өмірі туралы білімдерін сарапқа салды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Әйел- қыздар секторы, Атырау облысы, Жылыой ауданы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен  өткен білім бәйгесіне барлығы 15 үміткер қатысты.

Сарапшылар қатысушылардың білімін тест арқылы сынады. Тартысты өткен білім сайысында  бірінші орын Жаңылхан Рахымғалиеваға, екінші орын Қалияш Сұлтановаға бұйырды. Үшінші орынды Әлия Азаматова алды.

Жеңімпаздар 10 мың, 20 мың, 30 мың теңге аралығында қаржылай сыйлықпен марапатталды.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.