Бас имам орталық «Иманғали» мешітінің ұжымын марапаттады

Алғыс айту күніне орай, Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы орталық «Иманғали» мешітінің ұжымына алғыс жариялады.

«Асыл дінімізді, ділімізді насихаттау жолындағы уақытпен санаспай атқарып жатқан еңбегіңіз үшін алғыс айтамын. Алла Тағала еліміздің жарқын болашағы үшін атқарған әрбір ісіңізге мол сауаптан жазсын» делінген алғыс хатта.

Алғыс хатпен марапатталғандар қатарында орталық мешіттің наиб имамдары, азаншы, ұстаздар, кезекші молдалар, баспасөз-қызметі, есепші, кадр бөлімі, техникалық мамандар бар.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.