amin.kz/ 4 шілде, 2020 жыл. Оқырман назарына Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер енгізу туралы Қаулының толық нұсқасын ұсынып отырмыз.
04.07.2020 ж №52 ПГВР
Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы
Атырау қаласы
Атырау облысы аумағында коронавирус инфекциясының таралуын азайту бойынша қатаң карантиндік шектеулер енгізу туралы
2009 жылғы 18 қыркүйектегі №193-IY «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» ҚР Кодексінің 150 бабы, 21 бабының 12 6өлімі 6 тармағын, 2016 жылғы 6 сәуірдегі №480-V «Қазақстан Республикасының Құқықтық актілер туралы» заңын, 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 «Қазақстан Республикасы аумағында шектеу, сонымен бірге карантин шараларын енгізу туралы Ережені бекіту» туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің бұйрығын басшылыққа ала отырып, Атырау облысының халқы арасында коронавирустық инфекцияның (бұдан әрі – КВИ) таралуын азайту және адамдардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 Атырау облысының аумағында 2020 жылғы 5 шілде сағат 00-ден бастап, 19 шілде сағат 00-ге дейін қатаң шектеу шаралары енгізілсін.
2 Облыс әкімі, мемлекеттік органдар, құқық қорғау және арнаулы органдар 2020 жылғы 5 шілде сағат 00-ден бастап, қамтамасыз етсін:
- қалалар және ауылдық елдімекендер арасында автобус тасымалын тоқтатсын;
- әкімдік, құқық қорғау органдарының, жедел және шұғыл медициналық қызмет көрсету қызметкерлері, санитарлық-эпидемиологиялық қызмет және өмірді қамтамасыз ету нысандары қызметкерлерін қоспағанда, елдімекендерде тұрғындар мен автокөліктер қозғалысына 23.00 – 6.00 сағат аралығында тыйым салынсын;
- қоғамдық көлік қозғалысына тыйым салынсын;
- мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, кәсіпкерлік нысан субъектілерінің басшылары қызметкерлерінің жұмыс орнына және тұрғылықты мекен жайына жеткізілуін транспортпен қамтамасыз етсін;
- Облыстың, қала, аудан өмірін қамтамасыз етіп отырған және үзіліссіз қызмет жағдайындағы кәсіпорындар қызметін қоспағанда, сенбі, жексенбі және мереке күндері жеке автокөліктер қозғалысына толықтай тыйым салынсын.
- азаматтардың қозғалысына тыйым салынсын, тек тұрғылықты жерінен жұмыс орнына баруы (жұмыс орнынан анықтама болған жағдайда), тұрғылықты жеріне жақын маңдағы азық – түлік өнімдері, бірінші қажеттіліктегі тауарлар алу, дәріханалардан дәрі алу, шұғыл жағдайларда дереу медициналық көмек алу жағдайларын қоспағанда;
- думанды, ауқымды спорттық шаралар, көрмелер, форум, конференция, сондай – ақ, отбасылық еске алу (банкет, той, мерейтой, садақа) және өзге де шаралар өткізілуіне тыйым салынсын;
- сағат 10.00-18.00 аралығында шектеу уақытымен қызмет етіп жатқан азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, ойын – сауық орталықтары, сауда үйлері, сауда желілері қызметіне тыйым салынсын;
- ойын-сауық орталықтарының (караоке, бильярд, компьютерлік клуб, түнгі клубтар, боулинг орталықтар, аттракциондар, балалар ойын алаңдары, батуттар және басқалар), кинотеатрлар қызметіне тыйым салынсын;
- барлық мәдени ошақтар қызметіне тыйым салынсын (театрлар, концерттік залдар, музей, көрмелер және т.б.);
- діни орындар қызметі тоқтатылсын (мешіт, шіркеу, ғибадатхана, синагога және т.б)
12) балалар сауықтыру лагерлерінің, мектепке дейінгі ұйымдардың, балалардың коррекциялық кабинеттерінің, білім орталықтарының, балаларды дамыту орталықтарының, үйірмелер, балаларға және ересектерге арналған курстар қызметіне тыйым салынсын;
13) фудкорт, банкет залдарының қызметіне тыйым салынсын;
14) СПА орталықтар, жаттығу залдары, фитнес орталықтар, спорттық – сауықтыру орталықтары, бассейн, қоғамдық монша, сауна, сұлулық салондары, шаштараз, косметикалық және косметологиялық қызмет көрсететін, маникюр, педикюр қызметін көрсететін орталықтар мен салондар қызметіне, қалалық және қоғамдық жағажайлар, аквапарктер қызметіне тыйым салынсын;
15) азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың қызметіне тыйым салынсын;
16) көлемі 500 шаршы метрден аспайтын азық-түлік емес дүкендер сағат
22:00-ге дейін жеткізіп беру қызметі түрінде жұмыс жасасын;
17) 3 адамнан артық топтасып жүруге және 65 жастан асқан адамдардың қозғалысына
шектеу қойылсын;
18) мемлекеттік органдардың (ұйымдардың, кәсіпорындардың), квазимемлекеттік
секторлардың, ұлттық компаниялардың, өзге де ұйымдардың, сондай-ақ қызметтері
рұқсат етілген кәсіпкерлік субъектілердің қызметіне әлеуметтік қашықтыққа және
күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режимді
сақтай отырып рұқсат берілсін. Сонымен бірге, қызметкерлердің кемінде 80% -ы
(штат кестесінде 30-дан астам қызметкер болғанда) қашықтан жұмыс режимінде қалсын;
19) медициналық орталықтардың қызметіне (алдын-ала тіркелу арқылы) күшейтілген
санитарлық-дезинфекциялық режимнің талаптарын сақтай отырып рұқсат берілсін;
20) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, тұрғын үй қызметтерін
(қонақ үйлер және т.б.) ұсыну саласындағы объектілердің қызметіне рұқсат
берілсін;
21) дәріханаларды, азық-түлік дүкендерін (минимаркеттер, супермаркеттер,
гипермаркеттер), азық-түлік және азық-түлікке жатпайтын (ғимараттардың сыртындағы)
базарларды күшейтілген санитария және дезинфекция режимін сақтай отырып, сағат
10:00-ден 18:00-ге дейін пайдалануға рұқсат берілсін;
22) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып, сағат 20:00-ге
дейін ұжымдық қызметті жүзеге асырмастан, ашық ауада 30 орыннан аспайтын
қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметіне рұқсат берілсін;
23) үздіксіз өндірістік циклі бар өнеркәсіптік кәсіпорындардың қызметіне,
ашық ауада күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып
ауылшаруашылығы, балық шаруашылығы және мал шаруашылығындағы және
құрылыс жұмыстарына рұқсат берілсін;
24) сағат 10:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі жұмыс уақытымен, күшейтілген
санитарлық және дезинфекциялық режимді
сақтай отырып, тұрғындарға адамдармен қарым-қатынассыз қызметтер ұсынатын
(көлік жуу, автомобильдерді жөндеу, тұрмыстық техника және басқалары) нысандардың
қызметіне рұқсат берілсін;
25) сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін шектеулі жұмыс уақытымен,
күшейтілген санитарлық-дизенфекциялық режимді сақтай отырып, бизнес
орталығы объектілерінің (адвокаттардың, нотариустың, бухгалтерлік және кеңес
беру қызметтері, жылжымайтын мүлік агенттіктері, жарнама агенттіктері, сот
приставтары және басқалары), букмекерлік кеңселердің қызметіне рұқсат берілсін;
26) ХҚКО (оның ішінде мамандандырылған ХҚКО) жұмысын сағат 9.00-ден 15.00-ге дейін,
CaII орталықтардың жұмысы 9.00-ден 17.00-ге дейін Egov.kz сайты, EgovKZBBot 2.0
телеграмм-боты арқылы алдын-ала брондау арқылы ұйымдастырылсын;
ал, демалыс және мереке күндері жұмыс істеуге тыйым салынсын;
27) күшейтілген санитарлық және дезинфекциялық режимді сақтай отырып,
«Қазпочта» АҚ жұмысын сағат 9.00-ден 18:00-ге дейін және онлайн режимінде максималды
қызметтер ұсыну жұмысы ұйымдастырылсын;
28) саябақтарға, алаңдарға, жағалауларға және басқа да демалыс орындарына
баруға тыйым салынсын;
29) таксилерге, өндірістік аумақтарға, әуежайларға, тұрмыстық ойын алаңдарына,
азық-түлік және азық-түліктік емес базарларға және басқа да қоғамдық орындарға
санитарлық және дезинфекциялық жұмыстар жүргізілсін;
30) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы
нарығын реттеу және дамыту агенттігінің актісіне сәйкес, қаржы нарығы субъектілерінің,
екінші деңгейлі банктердің қызметіне шектеулі жұмыс уақытымен сағат
9.00-ден 17.00-ге дейін рұқсат етілсін;
31) қызметі рұқсат етілген нысандарда карантиндік шаралардың, санитарлық және дезинфекциялық режимнің сақталуы қадағалансын. Талаптарды
сақтамау анықталған жағдайда, Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес,
тиісті әкімшілік шаралар қолданылсын. Жұмыс істеуге рұқсат алған нысандар
күшейтілген санитарлық-эпидемиологиялық қауіпсіздік талаптарын сақтауға
міндетті.
3. Кәсіпкерлік субъектілеріне сауда
орталықтарында, базарларда, қоғамдық көліктерде, азық-түлік және азық-түліктік
емес өнімдердің сауда объектілерінде, қызмет көрсету саласындағы объектілерде
және басқа да адамдар көп жиналатын орындарда ауқымды дезинфекциялық жұмыс
жүргізілсін.
4. Жұмыс жасап жатқан сауда объектілерінің меншік иелеріне міндеттеледі:
4.1.санитариялық және дезинфекциялық шараларды міндетті түрде сақтай отырып, рұқсат етілген режимде объектілердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету;
4.2.қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен (медициналық маска, қолғап және т. б.) қамтамасыз етсін;
4.3.әлеуметтік маңызы бар азық-түлік пен бірінші қажеттілікке жататын тауарлардың, дәрі-дәрмектер мен жеке гигиеналық құралдар бағасының өсуіне жол берілмесін;
4.4.өнімдер буып-түйілген күйінде (нан-тоқаш, кондитерлік өнімдер, кептірілген жемістер және т. б.) сатылуы керек.
5. Атырау облысы ішкі саясат басқармасына, Атырау қаласы және аудандар әкімдерімен бірлесіп қосымша қабылданған шектеу шаралары туралы халық жаппай ақпараттандырылсын.
6. Атырау облысы Полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша
тексеріс ұйымдастыру, жоғарыда көрсетілген талаптарды бұзу немесе орындамау
анықталған жағдайда, дереу тиісті әкімшілік шаралар қолдансын.
7. Атырау облысының әкімдігі коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі өңірлік
шұғыл штаб құрсын.
Штаб шектеу шараларының орындалуын бақылау және мониторинг жүргізуге жауапты.
Қажет болған жағдайда қатаң карантиндік шараларды енгізу туралы ұсыныстар
енгізе алады.
8. Жылыой ауданы мен Теңіз кен орындарында бұрын енгізілген карантин режимі
сақталады.
9. Атырау облысы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің қалалық және аудандық басқармалары осы қаулының орындалуына күшейтілген түрде бақылау жүргізсін.
10. Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
11. Осы қаулы 2020 жылдың 5 шілдесінде 00 сағат 00 минуттан бастап заңды күшіне енеді.
Атырау облысы Бас мемлекеттік
санитариялық дәрігері
Амантай Жұмағалиев.