Тасқала ауылында 25 отбасыға азық үлестірілді

  amin.kz/ 31 мамыр, 2020 жыл. Қайырымдылық шараға Атырау қаласына қарасты Тасқала ауылында орналасқан Мәулімберген мешітінің «Иман жастары» еріктілері мен ауыл кәсіпкерлері атсалысты.

«Акция аясында біз әлеуметтік жағдайы төмен, мұқтаж отбасыларды, жалғыз басты аналарды қамтуға тырыстық. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі бағыты қайырымдылық саласы болып қала береді.

Біз үшін мұқтаж жандардың тілегі басты орында» дейді Мәулімберген мешітінің имамы Мақсот Бағытжанов.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.