amin.kz/ 24 мамыр, 2020 жыл. Жаңа қоныс той иелері – Лаура Сәрсенова, Эльмира Сақпанова, Жаннұр Қуанғалиева атты атыраулық аналар.
Ерекше бала тәрбиелеп отырған аналар шамалы уақыттан соң Атырау қаласындағы Самал шағынауданында салынып жатқан “Самал town” тұрғын үй кешенінен жаңа пәтерді иеленеді.
«Демеушілер арқылы жасалып отырған игі бастама аясында ол отбасыларға пәтердің заңды иесі екендігін растайтын құжаттар табыс етілді. Бұл бастама жалғасын табады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Еске сала кетелік, бұған дейін орталық «Иманғали» мешіті мүфтияттың «Ел үлесі – пәтерге» жобасы аясында Атырауда Зайналбек Типаев есімді мүмкіндігі шектеулі азаматтың отбасына бір бөлмелі пәтер сыйға тартқан еді.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.