Мешіттер 8 маусымға дейін ашылмайды: Атырауда созылған карантин талаптарында қандай шектеулер бар?

amin.kz/ 23 мамыр, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері бекіткен №44 Қаулыда жарияланған.

«Ауқымды спорттық және өзге де халық көп шоғырланатын шараларды, отбасылық шараларды өткізуге тыйым салынсын. Діни ұйымдардың қызметіне тыйым салынсын» делінген қаулыда.

Сонымен бірге, темір жол вокзалы, әуежай, автовокзалдардың қызметін уақытша тоқтату жалғасады. «Үкіметтік маңыздағы рейстер ғана жүзеге асырылады ” делінген қаулыда.

Карантиндік шектеулер Атырау қаласымен бірге, Мақат, Жылыой аудандарында жалғасып отыр.

Десе де, дәмхана, кафе, мейрамханалар жұмысына рұқсат берілді. Қоғамдық тамақтану орындары кешкі сағат 22.00-ге дейін қызмет көрсетеді.