Туыстық қатынасты сақтаудың маңызы неде?

Адамның өз шамасына сай туысқанының қажетінен табылып, жақсылық жасай білуі-туыстық қатынасты сақтау деп аталады.

Кейде дүниемен жәрдемдесу арқылы болса, кейде қызметін жасап беру, қал-жағдайын сұрау, сәлемдесу, қуаныш пен қайғыда ортақтасу сынды т.б, істермен жүзеге асырылады. Ғалымдар арасында туыстық қатынасты сақтаудың дінімізде міндет етілген істерден екендігі қатысты ешқандай талас жоқ.

Алла Тағала қасиетті Құранда: «Алладан қорқыңдар, туыстық  байланысты  үзуден сақтаныңдар. Күдіксіз, Алла сендерді бақылап тұрушы», («Ниса» сүресі, 1-аят) – деп бұйырады. Туыстық қатынасты сақтау –Алла тағаланың құлдарына бұйырған, маңызды амалдарынан. Қаран кәрімдеде және Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадистерінде оны сақтаушы адамға көптеген сауаптар уәде етілген, ал туыстық қатынасты үзу Алла тағаланың тыйған амалдарынан. Туыстық қарым-қатынасты сақтауға қатысты адамдар үш түрлі болады. Олар:

  1. Туыстық қатынасты сақтап әрі оларға жақсылық жасаушы адамдар;
  2. Туыстық қатынасты үзіп, әрі оларға жәбір көрсетушілер;
  3. Осы екі дәреженің ортасындағы адамдар. Яғни оларға жақсылық та жасамайды, жаманшылығында тигізбейді. Осылардың ішінде мұсылман адам бірінші санаттағы, яғни туыстық қатынасты сақтаушылардан болып, екінші мен үшінші санаттағылардан болудан сақтануы қажет.

Туыстық қатынасты сақтау-ризықтың көбейюіне және адам өмірінің ұзаруына себеп болады. Ол турасында Әнәс ибн Мәлик (р.а) Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегенін жеткізеді: «Кім ризық-несібесінің көбеуің және ғұмырының ұзақ болуын қаласа, ағайын-туыстық қарым-қатнасын күшейтіп, оған қарайлассын», -деген (Бухари, Мүслим). Кейбір ғалымдар хадистегі өмір жастың ұзаруына қатысты : «Алла Тағала ол адамның өміріне берекет әрі ризық-несібесін молайтады. Әрі сол рақылы ол адам өзінің өмірінде басқалардың шамасы келмеген істі ітсеп үлгереді»,- деп түсірдірген. 

Жаратушы Алла адам баласының жаратылысын жақсы білгендіктен қоғам ішіндегі қарым-қатынасты бекем ұстауды былай бұйырады:«Аллаға құлшылық қылыңдар. Оған ешкімді серік қоспаңдар. Әке-шешеге, туыстарға, жетімдерге, кедей-кепшіктерге, жақын және алыс көршіге, жаның дағы жолдасыңа, қаражаты таусылған жолаушыға, қолдарыңдағы қызметшілерге жақсылық жасаңдар. Алла дандайсыған тәкаппарларды жақсы көрмейді», («Ниса» сүресі, 36-аят) – деген.

 Сондай-ақ, Алла Тағала ағайын туысқандарға қарайласып, қолдары қысқарып, қажеттілік туындағанда, оларға қол ұшын беруді Алла Тағала Құранда: «Негізінде Алла сендерге әділетті болуды, игілік жасауды және ағайын-туысқанға қарайласуды бұйырады. Сонымен қатар арсыздықтан, жамандық атаулыдан және зылымдықтан (яғни, біреуге зорлық-зомбылық көрсетуден, кісі ақысын жеуден) мүлдем тыяды. Ойланып толғансын, ғибрат алсын деп, Алла тағала сендерге осылайша насихат айтып, жол сілтейді», («Нахыл» сүресі, 90-аят) – деп ескерткен. Осы тәрізді аяттарға құлақ асқан дана халқымыз: «Өле жегенше, ағайынмен бөле же», «Туысы бірдің қонысы бір. Туысы бірдің уысы бір», – деп ұл-қыздарына ақыл айтып отырған.

Әбу Хұрайрадан Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай деген: «Кім Аллаға және Қиямет күніне иман келтірсе, қонағын сыйлап, құрметтесін. Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, туысқанымен қарым-қатынасын үзбей, жалғастырсын. Кім Аллаға және қиямет күніне иман келтірсе, жақсы сөз сөйлесін немесе үндемесін» (Бұхари, Мүслім) , дейді. Бұл хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қиямет күніне сенген адам қонағын сыйлау керектігін, сонымен қатар туған-туысқандармен қарым-қатынасты үзбеуді ескертеді.

Сондай-ақ басқа бір хадисте Пайғамбарымыз (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Уа адамзат! Өзара сәлемді жайыңдар, аш-мұқтажарды тамақтандырыңдар, туысқандармен болған байланысты үзбеңдер, адамдар түнде ұйықтап жатқанда тұрып намаз оқыңдар. Міне, сонда аман-есен  жәннатқа кіресіңдер»,деп те айтқан (Ахмад, әт-Тирмизи, ибн Мәжә). 

Бұл хадистеде жәннатқа кіретін жолдарын жеткізген. баяндалып отыр, яғни төрт құлшылықты орындасаң жәннатқа аман есен кіресіңдер деп айтып отыр. Солардан алғашқысы сәлем беру одан кейін тамақтандыру, одан кейін туған туысқандармен қарым-қатнасты үзбеу, түнгі намазға тұруын айтып отыр.

Қазақ халқы туыстық байланысты ерекше бағалаған. Халқымыздың болмысын басқалардан ерекшелейтін бірден-бір қасиет осы туыстық байланыс деуге де болады. Дана халқымыз айтады: «Ағайын тату болса ат көп, абысын тату болса ас көп» деп ағайын арасындағы татулықтың сақталуын қоғам бірлігінің басты алғышарты деп қараған.

       Біләл САҒЫНДЫҚОВ,                                                                              

     «Мақат аудандық» мешітінің бас имамы