Ұстаз Арман Исаев жастармен кездесті

Атырау облысы орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы, ұстаз Арман Исаев APEC PetroTechnic жоғарғы колледжінің студенттерімен кездесті.

Кездесу барысында жат ағымдардың алдын-алу және салт-дәстүрдің құндылығы тақырыбы талқыланды.

«Ертеректегі ғұлама-ғалымдардың пайымдауынша, ел болып қалыптасу үшін бірқатар тіректердің болу қажеттілігі айтылады. Олар – діні, тілі, жері, тарихы, ұлттық тағамы, ұлттық салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары.

Сондай-ақ әр ұлттың өзіне тән ерекшелігі тағы бар. Қазақ халқының ұлттық салт-санасы мен әдет-ғұрыптары Ислам дінімен тығыз байланысты. Дін мен ділдің, салт-сана мен шариғи ғұрыптардың өзара астасуы елдің бірлікте, ынтымақта өмір сүруіне негіз қалайды. Қазақтың киелі топырағынан қаншама ғұламалар шықты.

Аты әлемге мәшһүр, екінші ұстаз атанған әл-Фараби, ақын-шайыр, сопы Қожа Ахмет Иассауи, атақты ғалым Сүлеймен Бақырғани, т.б. Олар үлкен ғалым болумен қатар барлығы да діннің аса білгір маманы еді. Біз, өскелең ұрпақ, осындай ұлы адамдардың жерлесі болғандықтан, олардың атына кір келтірмеуге тиіспіз» деп атап өтті Арман Исаев.

Кездесу барысында ұстаз студент жастар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.