Атырау облысына жұмыс сапары аясында ұстаз Арман Қуанышбаев «Azan» радиосына және «Amin.kz» медиа студиясына сұхбат берді.
«Діни психология» тақырыбында сұхбат берген ұстаз Арман Қуанышбаев қоғам мүшесі болудың маңызы мәселесіне тоқталды.
» Адам – белгілі бір қоғамның мүшесі. Ол қандай да болмасын бір іспен айналысады. Оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән өзгешеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады. Бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер, тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ. Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүние танымынан, сенімінен, талғамынан, мұратынан, бағытынан, қабілетінен, қызығуынан жақсы байқалады. Жеке адам – тарихи әлеуметтік жағдайының жемісі. Ол әлеуметтік ортада, белгілі қоғамда колективте ғана қалыптасады. Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені, оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана мазмұнға ие болады. Жеке адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты, қоғамнан, әлеуметтен тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес» деп атап өтті ұстаз Арман Қуанышбаев.