Мақат орталық мешітінің ұйымдастыруымен Атырау селолық мешітінің ұстазы Бейбітбек Ғұмаров Мақат жамағатымен кездесті.
Кездесу барысында ұстаз Бейбітбек Ғұмаров жамағаттың бірлігі және тура жолда жүрудің маңыздылығы тақырыбында уағыз айтты.
«Бірлігі бар ел озады, бірлігі жоқ ел тозады».
Бұл – тарихи заңдылық. Сондықтан, Қазақ елінің бірлігі – мемлекетіміздің кілті. Қандай мемлекет болмасын, оны еш уақытта сырттан жау алмайды. Қазақ әлсіресе, алауыздықтан әлсірегені. Демек, барлығымыз ел арасында бірлік, ынтымақ, сабыр мен парасат, байсалдылықты нығайтуға еңбек етуіміз керек. Ол үшін әр отбасында береке, бірлік, тыныштық болуы қажет» деп атап өтті ұстаз Бейбітбек Ғұмаров.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.