Атырауда имамдарға арналған семинар аяқталды

Атырауда облыс имамдарының біліктілігін жетілдіру семинары қорытындыланды.

Семинарды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни білім беру және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі, республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Смайыл Сейтбеков жүргізді.

Атырау қаласы, аудан, ауылдық елдімекендердің имамдары қатысқан семинарда Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 10 құжаттың түсіндірмесі және Ислам тарихы бойынша арнайы дәрістер өтті.

Семинар соңында қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.