Ұстаз Хасан Ташайұлы батыс өңірінің жамағатына уағыз айтты

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Атырау облысы бойынша өкілдігінің ұйымдастыруымен, Маңғыстау, Ақтөбе, Атырау және Батыс Қазақстан облысы жамағаттары арасында рухани шара өтуде.

Жамағат арасындағы бірлікті нығайтуға бағытталған рухани шараға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Діни оңалту бөлімінің меңгерушісі Хасан Ташайұлы насихат айтты.

«Мүфтият – еліміздегі мұсылман қауымның басын біріктіріп отырған қарашаңырақ. Мұсылман болу – араб болу деген сөз емес. Мұсылман болу – ата-бабаларымыз аманат етіп кеткен дінімізді, ділімізді ұстану. Адамгершілік, ізгілік сынды қасиеттер адамның иманын толықтыра түседі» деп атап өтті ұстаз Хасан Ташайұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.