Ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев жылыойлық жамағатпен кездесті

Атырау облысына жұмыс сапары аясында «Зекет және қайырымдылық» қорының исламдық қаржы мәселелері бойынша сарапшысы, республикалық ақпараттық насихаттық топ мүшесі Мақсатбек Қайырғалиев Жылыой ауданында болды.

Жылыой аудандық орталық мешітінде жергілікті жамағатпен кездескен Мақсатбек Қайырғалиев «Жеке тұлғаның әдептері», «Бөлінгенді бөрі жейді» тақырыптарында уағыз айтты.

«Дін – шүбәсіз жақсылыққа үндейді. Алайда, адамдар пендешілікке салынып, дінге жаманат келтіріп жатады. Дұрысында әр адам күнделікті уақытын өзін жеке тұдға ретінде дамытуға, иманын күшейтуге, адал еңбек етуге арнайтын болса, ғайбат айтуға, жаман әрекетпен айналысуға ниет те болмайтын еді» деп атап өтті ұстаз Мақсатбек Қайырғалиев.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.