Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінің наиб имамы, белгілі ұстаз Мұрат Мұстафаев «Атырау» телеарнасындағы «Қоғам сөзі» бағдарламасына қатысты.
Тікелей эфирде өткен бағдарлама барысында ұстаз Мұрат Мұстафаев «Ажырасу – қоғам қасіреті» тақырыбындағы ой-талқыға қатысып, аталмыш мәселеге ислам діні, шариғи үкімдер тұрғысынан түсінік берді.
Сұхбат барысында ұстаз Мұрат Мұстафаев отбасы алдындағы ер азаматтың парызы, әйел адамның міндеттері, ерлі-зайыптылардың бала алдындағы жауапкершілігі туралы кеңінен насихат айтып, отбасын құру және сақтау аманат екенін атап өтті.