Атырау облысына сапары аясында ұстаз Қабылбек Әліпбайұлы «Иманғали» орталық мешітінде болып жамағатпен жүздесті.
Кездесуде мұсылман арасындағы бауырмашылдық сипаттары, әрдайым шынайы ниетпен ихсан дәрежесінде құлшылық қылу керектігін насихаттады.
«Исламдағы бауырмашылдық сезім Алла Тағаланың ықыласты, тақуа мұсылман құлдарының бойына дарытатын иләһи қасиет. Алла Тағала Құран Кәрімде:
Алла сол мүміндердің жүректерін жарастырды (һәм оларды саған мызғымас қорған қылды). Егер сен жер бетіндегі байлықтың барлығын осы жолда жұмсасаң дағы, олардың жүректерін дәл бұлай жарастыра алмас едің. Алайда Алла оларды жарастырды. Шүбәсіз Ол бәрінен үстем әрі ұлық және әр ісі мен әр үкімінде талай хикмет болған асқан даналық иесі.
Шынайы мұсылман қоғамын мұсылмандар арасындағы өзара бауырмашылдық сезімінсіз суреттеу мүмкін емес. Мұндай сезімдегі бауырлар ағаштың бұтақтары іспеттес саны көбейген сайын қуаттала түседі. Бұтағы көп мықты ағашқа қатты жел әсер ете алмағандай ауызбіршілігі, бауырмашылдығы мығым елге ешқандай қара пиғылды күштер әсер ете алмайды. Әлбетте бұл ағаштың қажетті жеміс беруі имандылыққа тікелей байланысты»,-деп атады.
Жамағат мейманға сұрақтарын қойып, жауап алды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.