amin.kz/25 қыркүйек, 2020 жыл. Атырау орталық «Иманғали» мешіті жанынан құрылған «Иман жастары» еріктілерімен Атырау облысына жұмыс сапары аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы «Діни оңалту» бөлімінің меңгерушісі Қанат Алшынбаев арнайы кездесті.
Кездесу барысында дін және жастар, білім алудың маңызы, Отанға қызмет ету мәселелері бойынша уағыз-насихат айтылды.
«Кезінде алаш ардақтысы Мағжан Жұмабаев
«Жолбарыстай қайратты, арыстандай айбатты,
Мен жастарға сенемін» деп, үлкен ұран тастаған еді. Ислам – өркениеттің діні. Ислам – ғылымның діні. Біздің жастарымыз білімді, иманды, бәсекеге қабілетті ұрпақ болуы тиіс. Себебі, еліміздің, дініміздің өркендеуі жастарымызға байланысты» деп атап өтті ұстаз Қанат Алшынбаев.
Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.