Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына қарасты «Халал даму» мекемесінің халал стандарттау сертификатын алған кәсіпорындар қатарында «Тәп-тәтті», «Зәуреш тәттілері» кондитерлік өнімдер цехы, «Шоқ донер» жылдам тамақтану желісі, «Халил ұста» ет өнімдері сынды дүкендер бар.
Жалпы, жыл басынан бері Атырауда 14 кәсіпорын халал стандарт сертификатын жаңартты және халал тақырыбында 25 семинар-тренинг, кездесулер өтті.