Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы жыл ішінде аймаққа қарасты барлық шалғай ауылдарды толықтай аралап шықты.
«Ондағы мақсат – шалғай ауылдардағы мешіттердің ахуалымен танысу, діни жағдайды бағамдау. Шалғай орналасқан ауылдарда мешіті жоқ елдімекендер де бар. Алдағы жылдары облыс бойынша тағы да 25 мешіт салынатын болады. Ол мешіттер құлшылық үйі жоқ ауылдарға салынады. Осылайша, біз халқымыздың рухани қуатты, діни білімді болуын қамтамасыз етеміз» дейді Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.