Бүгін Атырау облыстық орталық «Иманғали» мешітінде кезекті қайырымдылық акциясы өтті.
Онда Атырау қаласындағы № 28 орта мектебінде оқып жатқан әлеуметтік жағдайы төмен отбасының тоғыз баласына киім-кешектер табыс етілді.
«Адам баласы қоғамда өмір сүруге бейім жаратылғандықтан, бір-біріне мұқтаж. Осындай мұқтаждық адамдардың бір-біріне жәрдемдесуін, бір-бірінің кем-кетігін толтыра отырып, үйлесім негізінде өмір сүруін талап етеді.
Алла Тағала: «Сендер адамдардың арасынан шығарылған қайырлы үмбет болдыңдар..» (Әли Имран, 110) деп, мұсылмандарды жақсылық жаршылары ретінде сипаттап, ұдайы жақсылық жасауға шақырған.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының негізгі жұмыс бағыты – қайырымдылық болып қала береді. Демек, мұндай жылулық акциялары жалғасады» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.