Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық шарасына қатысты.
Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы аясында 22 отбасына азық-түлік таратылды.
Сонымен бірге, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Тұрғғызба ауылдық мешіті жанынан салынып жатқан, жақында ашылуы болатын медресенің құрылысымен танысып қайтты.