Жылыой аудандық мешітінде қайырымдылық шарасы өтті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында қайырымдылық шарасына қатысты.

Жылыой аудандық орталық мешітінің ұйымдастыруымен өткен қайырымдылық шарасы аясында 22 отбасына азық-түлік таратылды.

Сонымен бірге, Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы Тұрғғызба ауылдық мешіті жанынан салынып жатқан, жақында ашылуы болатын медресенің құрылысымен танысып қайтты.