Алтынбек Ұтысханұлы ардагер имамға құрмет көрсетті

Жылыой ауданына жұмыс сапары аясында Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Қосшағыл ауылдық мешітінің ардагер имамы Теңел Айдарбекұлына зиярат жасады.

Кездесу барысында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының Алғыс хатын табыстады.

«Аға буын біз үшін үлкен мектеп. Дінімізді насихаттау, рухани құндылықтарымызды дәріптеу жолында сіңірген еңбегіңіз орасан» деп атап өтті Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.