Атырау облысының Бас имамы Жылыой жамағатымен кездесті

Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы Жылыой аудандық мешітінде жамағатпен кездесіп, жұма намазын өткізді.

Сонымен бірге, жамағатқа насихат айтып, қашанда қоғам бірлігінен ажырамауға шақырды.

«Халқымызда «Төртеуі түгел болса, төбедегі келеді. Алтауы ала болса, ауыздағы кетеді» деген тәмсіл бар. Расымен де, бірлік, ынтымақ – ең үлкен байлық. Дініміз ислам да, әр кез бірлікті насихаттайды. Әр ересек адамның жақсы әрекеттері кейінгі буынға үлгі болуы тиіс» деді Бас имам Алтынбек Ұтысханұлы.