«Ас – адамның арқауы» тақырында өткен шеберлік сағатын Жылыой аудандық орталық мешітінің әйел ұстаздары нәзік жандар жамағаты арасында ұйымдастырды.
Шеберлік сағаты барысында қатысушыларға бауырсақ дайындаудың ерекше әдістері, өзбек халқының ұлттық тағамы – палау әзірлеудің сырлары үйретілді.
Және заманауи ас мәзірі пицца мен түрлі тәттілер дайындалды.
«Қазақта «Артық болмас білгенің» деген сөз бар. Бұл сабақ көптеген қатысушыларға пайдалы болғанына сенеміз» дейді ұйымдастырушылар.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.