Атырау: орталық мешіттің таһаратханасы күрделі жөндеуден өтті

Он үш орындық дәретханада келуші жамағат үшін заман талаптарына сай барлық жағдай жасалған.

Күрделі жөндеуден соң пайдалануға берілген дәретхана нысанын Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы арнайы көріп шықты.

«Ислам – тазалықтан басталады. Мешітке келген әр адамның құлшылық үйіне дәретпен келуі де маңызды. Осы ретте заманауи дәретхана жамағатқа қызмет көрсетіп жатыр» дейді Атырау облысының Бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.