Атырау: «Құспан молла» мешіті мұқтаж отбасылар үшін қайырымдылық жасады

Қайырымдылық акциясы аясында 20 отбасына бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пакеті табыс етілді.

«Қайырымдылық пакеттері таратылғандар қатарында «Жусан» операциясымен елге оралғандар және әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар бар. Олардың әрқайсысына салмағы 35 келі болатын азық-түлік және 10 мың теңгеден қаржылай көмек көрсетілді.

Акция аясында мұқтаждарға барлығы 700 мың теңге жұмсалды» дейді Атырау қалалық Құспан молла мешітінің имамы Эммат Ғұмаров.

Еске сала кетелік, қайырымдылық – мүфтият Қазақстан мешіттері үшін бекіткен негізгі жұмыс бағытының бірі.

Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.