Жылыой ауданы, Қосшағыл елдімекені мешітінде наиб имам тағайындалды

Қосшағыл мешітінің наиб имамын жұма намазы кезінде Жылыой ауданының Бас имамы Жасұлан Қағазғалиев таныстырды.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Қожанапесов Ғанибек Догдырбайұлы Қосшағыл мешітінің наиб имамы қызметіне  тағайындалды.


Ғанибек Қожанапесов 2010 – 2014 жылдар аралығында Тұрғызба мешітінде бас имам, Жаңа Қаратондағы “Нұрқас Сатыбалды” мештінде 2014 – 2016 жылдар аралығында наиб имам болып қызмет етті.

Қордай медресесінде, Алматыда орналасқан Имамдар білімін жетілдіру институтында білім алған.

Қосшағыл елдімекеніне сапары аясында Жылыой ауданының бас имамы Жасұлан Қағазғалиев науқастанып жатқан Қосшағыл мешітінің имамы Теңел Айдарбекұлының денсаулық жағдайын сұрап, зиярат етті.

Орталық “Иманғали” мешітінің баспасөз-қызметі.