amin.kz/13 наурыз, 2020 жыл. Бүгін Жылыой ауданының бас имамы тағайындалды. Енді «Жылыой мұсылмандар» аудандық орталық мешітіне Жасұлан Қағазғалиев басшылық етеді.
Жаңа имамды Жылыой ауданына арнайы іс-сапармен барған Атырау облысының Бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы жұма намазы алдында жамағатқа таныстырды.
«Жасұлан Қағазғалиев – білімді де білікті маман, жергілікті жұртшылықпен бірлескен түрде қоян-қолтық еңбек етеріне сенемін. Алла әр ісімізге береке бергей» деді өз сөзінде Атырау облысының Бас имамы Алтынбек қажы Ұтысханұлы.
2011 жылдан бері Жылыой ауданына рухани ұстаз болып келген Арман Исаев Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің наиб имамы қызметіне тағайындалды.
Іс шара барысында Жылыой ауданының әкімі Азамат Бекет ұстаз Арман Исаевқа алғыс хат табыс етіп, жаңа жұмысына сәттілік тіледі.
Жамағат атынан сөз алған кәсіпкер Сәлімжан қажы Қапанұлы Арман Исаев имамдық еткен кезеңде Жылыой ауданының діни өмірінде оң өзгерістер болғанын атап өтіп, қазақы дәстүрге сай шапан жапты. Және жылыойлық жомарт жандар сыйлаған темір тұлпардың кілтін табыстады.
Жасұлан Қағазғалиев
Алматы қаласындағы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Қазақстан Республикасы имамдарының білімін жетілдіру ислам институтында «Имам хатиб» мамандығы бойынша оқыған.
2014 – 2018 жылдары Алматы қаласындағы «Нұр-Мүбарак» Египет – ислам мәдениеті университетін «Исламтану» мамандығы бойынша бітірді.
19.06.2008 – 11.10.2012 жылдар аралығында Атырау облысы, Индер ауданы, «Есбол ауылдық» мешітінің уақытша молдасы болып қызмет атқарды.
18.02.2014 – 05.09.2014 жылы «Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы» Республикалық ислами діни бірлестігінің филиалы Атырау облыстық «Иманғали» орталық мешітінің азаншысы болып жұмыс жасады.
2017-2018 жылдары Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Орбита-3 ықшамауданындағы «Орбита» мешітінде ұстаз болып қызмет атқарды.
Орталық «Иманғали» мешітінің баспасөз-қызметі.
ТАҒЫ ОҚЫҢЫЗ: